Тәжікстан Моңғолияға жеміс-жидек пен көкөніс экспорттайды

71

Munarmedia.kz | 22.07.2026 | ASTANA Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның Моңғолияға жасаған ресми сапары аясында екі ел арасында ынтымақтастықты дамытуға бағытталған 12 құжатқа қол қойылды. Бұл туралы Тәжікстан президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қол қойылған құжаттар экономика, өнеркәсіп, білім беру, ауыл шаруашылығы, туризм және өзге де салалардағы өзара ынтымақтастықты қамтиды.

Келіссөздер барысында Эмомали Рахмон мен Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх энергетика, құрылыс және агроөнеркәсіп салаларындағы әріптестікті кеңейту мәселелерін талқылады.

Тараптар ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзара саудасын дамытуға ерекше назар аударды. Соған сәйкес, Тәжікстан Моңғолияға жеміс-жидек пен көкөніс өнімдерін экспорттайтын болса, Моңғолия Тәжікстанға ет және былғары шикізатын жеткізетін болады.

Кездесу қорытындысы бойынша екі мемлекет сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға, инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге және бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделі екенін растады.

#Munarmedia #ASTANA #Тәжікстан #Моңғолия #ЭмомалиРахмон #УхнаагийнХүрэлсүх #АуылШаруашылығы #Экспорт #Импорт #ХалықаралықЫнтымақтастық