Қазақстанда «Astana» брендімен отандық автобустар шығарыла бастайды

47

Munarmedia.kz | 22.07.2026 | ASTANA Қазақстанда «Astana» брендімен шығарылатын отандық автобустардың сериялық өндірісі биылғы қараша айында басталады. Бұл туралы «Астана Моторс» компаниялар тобының негізін қалаушы әрі директорлар кеңесінің төрағасы Нұрлан Смағұлов мәлімдеді.

Оның айтуынша, алғашқы кезеңде дизель және газбен жүретін автобус үлгілері шығарылады. Көліктерді қазақстандық инженерлер Қытайдың технологиялық серіктестерімен бірлесіп әзірлеген.

Сонымен қатар компания электрлі қоғамдық көлік өндірісін де қолға алып отыр. Бұл жоба әлемдегі жетекші электркөлік өндірушілерінің бірі – BYD компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылуда. Электр автобустары жаңа буындағы аккумуляторлық батареялармен жабдықталады.

Нұрлан Смағұловтың мәліметінше, «Astana» брендімен шығарылатын электр автобустарының сериялық өндірісін 2027 жылдың наурыз айында іске қосу жоспарланған.

Жоба қоғамдық көлік паркін жаңартуға, отандық машина жасау саласын дамытуға және экологиялық таза көлік өндірісін кеңейтуге бағытталған.

#Munarmedia #ASTANA #Қазақстан #Astana #АстанаМоторс #НұрланСмағұлов #BYD #Автобус #МашинаЖасау #ЭлектрАвтобус #Өнеркәсіп