Қазақстанның қолданыстағы Парламентінің өкілеттігі 1 шілдеден бастап тоқтатылады.

26

Munarmedia.kz 16.02.2026 Жаңа Конституция да 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Бұл норма жаңа Негізгі заң жобасының 95-бабында көрсетілген.

Құрылтай сайлауын Қазақстан Республикасының Президенті Конституция күшіне енген күннен бастап бір ай ішінде жариялап, екі ай ішінде өткізуі тиіс.

Жаңа Конституцияның республикалық референдумда қабылданған күні мемлекеттік мереке — Қазақстан Республикасының Конституциясы күні болып белгіленеді.

Құрылтайдың бірінші шақырылымының алғашқы сессиясы ашылған күннен бастап екі ай ішінде Президент депутаттардың келісімімен вице-президентті тағайындауы қажет. Осы мерзім ішінде Конституциялық соттың төрағасы мен судьялары, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелері, сондай-ақ Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы мен мүшелері де тағайындалуы тиіс.