Munarmedia.kz-11.11.2026ж/Астана/-Алматыдағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жатақханасынан 6 қараша күні бірінші курс студенті Жанель Қарамыcованың мәйіті табылды. Шымкенттен білім алу үшін келген бойжеткен журналистика факультетінде оқыған.
Алдын ала болжам бойынша, студент өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін. Алайда марқұмның анасы бұл нұсқамен келіспейді. Ол қызының өліміне қатысты барлық мән-жайдың анықталғанын қалайды.
Әйелдің айтуынша, Жанельдің денесінде көгерген іздер болған. Мәйітхана қызметкерлері олардың кейбірі қайтыс болғаннан кейін пайда болуы мүмкін екенін түсіндірген. Дегенмен денедегі жарақаттардың нақты неден пайда болғаны әзірге белгісіз.
Полиция марқұмның телефонын сараптама жүргізу үшін тәркілеген.
Ананың сөзінше, қайғылы оқиғаға қатысты түрлі болжамдар айтылып жатыр. Біреулер қыз йод ішкен болуы мүмкін десе, басқа студенттер оны бөлмесінен белдікке асылған күйде тапқанын айтқан. Оқиғаға дейін Жанель бөлмелес көршісіне хабарласып, оның қашан оралатынын сұраған екен.
Полиция студенттің қайтыс болғанын растады. Қазіргі уақытта осы дерек бойынша тергеу басталған.
Марқұмның анасы сараптама қорытындысы шамамен бір айдан кейін дайын болатынын айтады.
Қыздың өлімінің нақты себебі тергеу мен сараптама нәтижесінде анықталуы тиіс.
#ҚазҰУ #Алматы #СтудентӨлімі #Тергеу #Қоғам