Munarmedia.kz 07.04.2026 /Astana/ Бұл туралы Қостанай облыстық сотының хабарламасында айтылды.
Іс материалдарына сәйкес, айыпталушылар қатарында ет комбинаттарының басшылары, фермерлер, ветеринарлық қызметкерлер және ауыл шаруашылығы басқармасының шенеуніктері бар.
Тергеу мәліметтері бойынша, күдіктілер жалған құжаттар жасап, «қағаз жүзіндегі малдарды» және өндіріс қуатын қолдан жасанды түрде арттырып көрсету арқылы мемлекеттен миллиардтаған теңге субсидия алған.
Істегі негізгі фигурант 14 жылға бас бостандығынан айырылды, қалған айыпталушылар 3 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге сотталды. Кейбірі шартты жаза немесе рақымшылыққа ілікті.
Сот сондай-ақ 1,3 млн АҚШ доллары, 4 мың евро және 600 млн теңгеден астам қаржыны тәркілеу туралы шешім қабылдады.
Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.
#Munarmedia #Astana #Қостанай #Сот #Агросубсидия #Қылмыс #Экономика #Жаңалықтар