Munarmedia.kz 07.04.2026 /Astana/ Мәліметке сәйкес, контенттің 99,9 пайызы пайдаланушылардың шағымын күтпей-ақ, алдын ала анықталып, өшіріледі. Сонымен қатар, видеолардың 98,5 пайызы жарияланғаннан кейін алғашқы тәулікте платформадан алынып тасталады.
Ұқсас көрсеткіштер жаһандық деңгейде де байқалады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша TikTok қауымдастық ережелерін бұзған 780 миллионнан астам видеоны жойған. Олардың басым бөлігі де алдын ала анықталған.
Компания пайдаланушылар қауіпсіздігіне ерекше назар аударатынын атап өтті. Платформаны қолдану 13 жастан бастап рұқсат етіледі, ал бұл талапты бұзған аккаунттар тұрақты түрде бұғатталады.
Жалпы, бір жыл ішінде әлем бойынша 93,5 миллионға жуық осындай аккаунт жабылған.
#Munarmedia #Astana #Қазақстан #TikTok #ӘлеуметтікЖелі #Қауіпсіздік #Интернет #Жаңалықтар