АСТАНА. MUNARMEDIA.KZ -Павлодар облысына қарасты, Ақсу
ауданының Қалқаман ауылында қазақтың біртуар азаматы, бірегей батыр, Қанжығалы
Қабанбай, Бөгенбайлармен иық тіресе ел шекарасын қорғаған Қожажарұлы Ботақара
мен Қожамжарұлы Айтымбеттің туғанына 360 жыл туына орай, ботақара руының
белсенді азаматтары өткізген дүбірлі той өтті.
Ботақара Қожамжарұлы орта жүз Абақ Керей - Жәнтекей руының Сүйіншалы
атасыннан шыққан әйгілі батыр әрі ел қорғаны болған ақылгөй ардагер. Ол
- сол бір тарихи кезеңдерде өзінің батырлығымен, даналығымен еліне қорған
болып, Жәнтекейдің Ботақара деген руын қалыптастырған кесек тұлға. Ботақара
Қожамжарұлы 1665 жылдары шамасында сыр бойында туылған, батырдың ата тегі былай
тарайды:
Орта жүздегі Абақ Керей еліне Жәнтекей деген үлкен ру тармағы бар, соның бір
бұтағы Сүйіншалы атасы. Түрлі шежірелерде Абақ Керейдің рулық жүйесінің арғы
жағы әр қилы таратылып келсе де, Бағаналы - Байлау - Бердішорадан бергі аталар
бір ізгілікті сақтаған. Бердішорадан Жәнтекей, Жәнтекейден Сүйіншалы,
Сүйіншалыдан Қожамжар, Қожамжардан Ботақара туады. Ботақараның Еділ атасыннан
тараған Оразалы деген шешен кезін де батыр бабасы жайлы:
Атасыннан Ботақара түкті туған,
Елі үшін жастайынан белін буған.
Жәнтекей, Сүйіншалы әулетіннен,
Ту көтеріп, кемелді биік құрған.
Болған соң жауға батыр, елге пана,
Ұлдары Ұлағатты шалқып тұрған.
- Деп жырлаған.
Ботақара батырдың дүниеге келіу жайлы: Анасы Ботақара батырға жүкті болған
кезде, Бөрінің бауырына жерік болып, Бөрінің бауырын жеп жерігі басылып, ай,
күні толғанда, кеудесінің аламайы мен арқасында ботаның шудасы секілді ұйаң
қара түгі бар ер бала босаныпты. Содан үлкен ақсақалдар нысаналы туылған деп
рымдап, атын «БОТАҚАРА » қойыпты деген аңыз - әңгімелер ел ішінде көп тараған.
Шежірелік деректерде Ботақара батырдың шешесінің атты Жәмиғат Жанторықызы, руы
Кіші жүз - Шекті делінген. Ботақара батырдың балалық шағы Сыр бойында өтеді.
Ботақара батыр ат жалын тартып мінгеннен бастап әкесі Қожамжар батырдың
баулуында болады. Өз кезінде Қожамжар да Самырат қатарлы батырлармен бірге
талай жорықтарда болып, ел-жұртын қорғаған батырлардың бірі болған адам. Сол
тұстардағы аумалы - төкпелі сұрапыл соғыстардың бірінде, Қожамжар батыр шейіт
болды. Ботақара батыр ата мұрасын жалғастырып, кіші әкесі Барақ, Болантай
батырларға ілесіп Жоңғарларға қарсы үлкенді кішілі жорықтарға қатынаса жүріп
есейеді. Ержете келе елін, жерін қорғау соғыстарында ер жүрек, атойшыл
батырлығымен көзге түсіп, батыр деген атағы шыға бастайды.
Ботақара батырдың ел қорғаны, қамқоршы жан болғаны жөнінде көптеген деректер
бар. Ақын Байбосынұлының 2003 жылғы « МҰРА » жорналынның 3 - санында
жарияланған « Абақ Керей Ержәнібек » деген мақаласында: « Керейді асыл
атандырғандардың дөкейі Жәнтекейдің немересі Барақ батыр, бірде өзінің ағасы
Қожамжардың ұлы Ботақара батырды ертіп, бірқанша адаммен бірге Жоңғарлар
олжалап кеткен Есназарды іздеп барады...» деп жазады. 18 ғасырдың басында
Жәнтекейдің Сүйіндік атасының Алты деген ұлынан туған Есназар деген баланы
Жоңғарлар барымталап кетеді, содан Ботақара кіші әкесі Барақ батырмен бірге
Есназадың артынан іздеп барып, Әндіжан деген қаладан біреулердің қолында жүрген
Есназарды танып, нанымды айғақ дәлелдер арқылы қарсы жағын сөзден ұтып
Есназарды елге алып келеді. Осы Есназардан тараған ұрпақ Жайлау деген руды
қалыптастырған аңыз- әңгіме бар. Осы деректі біз шежіреші Бақытбек Сейілұлы
сақтаған « Сәлімжан шежіресінен » де кездестіреміз. Шежіреші Асылбек
Қайырымұлының шежіресіненде және Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысындағы
зерттеуші Тұрдығұл Шаңбайұлы құрастырған ұжымдық жинақтада осы тектес дерек
жазылған.
1708 жылдары Жоңғарлардың Қазақтарға жаңа шабуылы басталады. Бұл шапқыншылық
Қазақ хандығының оңтүстік өңірлеріне айтарлықтай нұқсан келтіреді. 1710 - 1711
жылдары Жоңғар шапқыншылығы Қазақтармен олармен одақтас Қарақалпақтарды
Тәшкентке қарай ығысуға мәжбүр етеді. Ең ауыры 1723 жылдан 1728 жылдар
аралығындағы қанды қырғын еді. Ол тарихта « Ақтабан шұбырынды Алқа көл сұлама »
деген атпен ел есінде сақталып қалды. 1698 - 1727 жылдар аралығында Жоңғар
шапқыншысы Севенрабданның қолы Қазақ жеріне жеті рет басып кірген. Осы
деректердің бірінде Севенрабданның үлкен әскери қосынын бастаған Қалдансерен
мен Шоно батырдың қалың қолының бір бөлігі Алқа көлде Қазақ жасақтары мен
соғысады. Осы соғыста Ботақара батыр Жоңғардың Себин деген атақты батырымен
Жекпе жекте шығып басын алып, жау жүрегін шайқалтып, ерлік көрсеткен.
Батырдың асына Қазақстан мен Монғолияның түкпір-түкіпірінен Ботақа руының
игі жақсылары мен қонақтар жиналды. Ас беріліп, аламан бәйге, балуандар күресі
мен ақындар айтысы өтті. Күмбірлеген күй төгіліп, ақ жарма әндер мен ақшаңқан
ақордалар тігілді. Қарақұрым халықтың барлығы батыр бабаларының рухына құран
бағыштап, еліміздің амандығын бірлігін тіледі. Алдағы уақытта мемлекет
қайраткері, батыр Ботақараға көше атаулары мен ауылдың, аудан атауын берсе
артық болмас еді деген тілектерде айтылды. Сырдарияның бойында өсіп, Нұранның
жағасында ғұмыр кешкен, болжамдар бойынша зираты Бұқар жырау ауданында жатқан Қожамжарұлы
Ботақараға аудан атауын беріп, ескерткіш тұрғызып, қазақтың бостандығы мен
жерінің бүтіндігі үшін қартайған шағына дейін жан аямай күрескен батырға лайық
құрмет көрсетілсе екен деген тілекпен қайттық.
Асылбек Байжұмаұлы