Munarmedia.kz 12.02.2026 /Астана/ Қырғызстанда жаппай тәртіпсіздік ісі бойынша бұрынғы жоғары лауазымды тұлғалар – экс-ішкі істер министрінің орынбасары Курсан Асанов пен бұрынғы бірінші вице-премьер Аалы Карашев ұсталды. Бұл туралы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары Қырғызстан Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.
Тергеу нұсқасына сәйкес, күдіктілер «75-тің хаты» деп аталған үндеуге қол қойғандардың қатарында болған.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, олар азаматтар тобын құруға әрекет жасап, мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізуді талап етпек болған және халық арасында расталмаған ақпарат таратқан.
Аталған дерек бойынша Қырғыз Республикасының Қылмыстық кодексінің 278-бабы 1-бөлігіне сәйкес «жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру» фактісімен қылмыстық іс қозғалды.
Бұған дейін Қырғызстан ІІМ 75 азаматтың президент Садыр Жапаров пен Жогорку Кенеш төрағасы Нурланбек Тургунбек уулуна жаңа президент сайлауын бастамашылық ету туралы өтініш жолдағаннан кейін, аталған іс аясында олардың барлығы Тергеу қызметіне жеткізілгенін хабарлаған еді.
Ұсталғандардың арасында сондай-ақ бұрынғы вице-премьер Бекболот Талгарбеков, экс-елші Эмилбек Узакбаев және бұрынғы депутат Курманбек Дыйканбаев бар.