Қырғызстанда ел аумағын әкімшілік тұрғыдан жаңа жүйе бойынша бөлу жоспарлануда

67

Munarmedia.kz 17.04.2026 Қырғызстан билігі елдің әкімшілік-аумақтық құрылымын қайта қарауды жоспарлап отыр.

Жаңа бастамаға сәйкес, қазіргі 7 облыс пен 44 аудан таратылып, олардың орнына ел аумағы 20 округке бөлінбек. Реформаның негізгі мақсаты — жаңа округтердің қаржылық дербестігін қамтамасыз етіп, олардың мемлекеттік бюджеттен қаржы сұрамай, өздігінен табыс табуына қол жеткізу.

Аталған өзгерістер кезең-кезеңімен енгізіледі. Алдымен 2–3 жыл мерзімге бір пилоттық округ құрылады. Егер оның нәтижелері тиімді деп танылса, жаңа жүйе бүкіл ел бойынша енгізіледі.

Жалпы алғанда, әкімшілік құрылымды толық жаңарту шамамен 3–4 жыл уақытты алуы мүмкін.