Samsung қызметкерлері жаппай ереуілге шығуы мүмкін

42

Munarmedia.kz 17.04.2026 Samsung компаниясында қызметкерлер жаппай ереуіл ұйымдастыруы мүмкін екенін мәлімдеді. Олар компаниядан шамамен 6 млрд доллар көлемінде төлем талап етіп отыр.

Наразылыққа корпорация табысының күрт өсуі себеп болған. Соңғы тоқсанда компания пайдасы 700%-ға артып, 39 млрд долларға жеткен. Алайда қызметкерлердің айтуынша, бұл табыстан оларға ешқандай қосымша төлем қарастырылмаған.

Жұмысшылар жалақы мен әлеуметтік жеңілдіктер компания кірісіне сәйкес артпағанын айтып, табысты бөлу жүйесін әділетсіз деп бағалауда.

Наразылық білдірушілердің басты талабы — қызметкерлерге компанияның жылдық операциялық пайдасының 15%-ы көлемінде бонус төлеу. Олардың есебінше, бұл шамамен 6 млрд долларды құрайды.