Қытай өзінің ықпалын Африка континенінде арттыру үшін
барын салуда. Еуропа елдері Африкадағы реформаларды түрлі әскери жәнге
азаматтық соғыстармен шешуді ойластырса, Ресей өз азаматтарын күзет қызметі ретінде
ұсынуы Африкалық басшыларға ұнаған жоқ. Осыған байланысты Африканың 50-ден астам
мемлекет басшылары Бейжінде өтетін Қытай-Африка саммитіне қатысуға шешім
қабылдады. Оған БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриште барады.
Түрлі саяси шешім қабылдауда Еуропа елдерінің қысым
көрсетуі Африка басшыларына ұнамайды. Сондықтан да ешқандай саяси қысым
көрсептпейтін Қытайдың саясаты көңілдеріне жағып отыр.
Бейдін өзінің экономикалық пайдасын ойлай отырып, қатаң
экономикалық әдістерді де қолданып отыр. Африка елдерін мол көлемде қарыз алуға
итермелеп, шикізат өнімдерін арзан бағаға сатуға мәжбүрлеуде.
Сонымен қатар
мамандар тапшы деген сылтаумен Африка елдеріне көптеген қытайлық азаматтардың
келуі халықтың наразылығын да тудыруда. Қытай саудагерлерінің қаптап, бұрыннан
қалыптасқан Африкалық коммерциялық дәстүрді бұза бастауы, күдік ұялатады.
2023 жылғы Нигеряда болған саяси төңкеріске қарамастан
Қытай 2000 шақырымдық мұнай тасымалдауға арналған жол құрылысын салып тастады.
Ал Гвинейде әскери
басшылардың ықпалында болса да Қытайдың Winning Consortiumы жағалауды айналып өтетін
600 шақырымдық темірожол желісін салды. Ал
келесі аптада өтетін саммитте Африка елдеріне Қытай инвестиция ретінде 360 млрд
юань немесе 50,7 млрд доллар көлемінде қаражат құюды көздеп отыр.
Басты инвестиция
жасыл энергетиканы дамыту және Африка континентінде Еуропа бас тартқан
электромобильдерін сату болып отыр.