Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Қытай АҚШ-қа табиғи шикізат өнімдерін экспорттауға тиым салды.

21


Қытай АҚШ-қа жіберілетін   тауарлардың экспортын қатаң бақылауға алды, соның ішінде галлий, германий, сурьма және аса қатты материалдарға қатысты өнімдердің экспортын шектеді.

ҚХР Сауда министрлігінің хабарлауынша, әскери тұтынушыларға немесе әскери мақсаттарға арналған қосарлы пайдаланылатын тауарлардың экспортына тыйым салынады.

Сонымен қатар, аккумуляторлар мен отын элементтерін, сондай-ақ қорғаныс және аэроғарыш салаларында кеңінен қолданылатын графиттің экспортына қатаң бақылау енгізілмек.

Қытай Сауда министрлігі бұл шаралар елдің экспорттық бақылау туралы заңдарына сәйкес келетінін, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және ядролық қаруды таратпау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындауды көздейтінін атап өтті.

Қытайдың сирек кездесетін металдарды өндірудегі үлесі – 70 пайыз

Қытай сирек кездесетін металдарды өндірудің 70 пайызын қамтамасыз етеді, ал әлемдік сирек металдардың 85 пайызы осы елде шоғырланған.

АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) 15 қазандағы есебінде Қытайдың галлий мен германий сияқты маңызды пайдалы қазбалар экспортына салған тыйымы АҚШ-тың жалпы ішкі өнімін 3,4 миллиард долларға қысқартатыны айтылған.

USGS мәліметтері бойынша, 2019-2022 жылдар аралығында АҚШ импорттаған германийдің 54 пайызы және сурьманың 63 пайызы Қытайдан жеткізілген.