Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

НАТО елдерінің сыртқы істер министрлері Ресей мен Қытай тарапынан туындап жатқан гибридті қауіптерді талқылауда.

43


«Біз НАТО елдеріне бағытталған Ресейдің дұшпандық әрекеттер науқанын күшейтуін талқылаймыз. Ресей мен Қытай НАТО елдерін диверсиялық актілер, киберқылмыстар және энергетиканы қару ретінде пайдалану арқылы тұрақсыздандыруға тырысуда», – деп мәлімдеді НАТО бас хатшысы Марк Рютте Брюссельде өткен отырыстың екінші күні қарсаңында журналистерге.

Рютте НАТО елдерінің сыртқы істер министрлері қауіп-қатерлерге қарсы тұру мәселелеріне, соның ішінде барлау мәліметтерін бөлісу жүйесін жетілдіру мен маңызды инфрақұрылымдарды қорғау тақырыптарына назар аударатынын айтты.

Отырыстың ашылуында сөз сөйлеген НАТО бас хатшысы Украинадағы қарулы қақтығысқа баға берді. Ол Ресейдің Солтүстік Кореяны қақтығысқа тарту арқылы Украиндағы соғысты кеңейткенін және Қытай мен Иран тарапынан қолдаудың артып келе жатқанын атап өтті.

Грузиядағы жағдайға қатысты, әсіресе Ресейдің бұл елдегі сайлауға ықтимал араласуына байланысты айыптауларға тоқталған Рютте НАТО Грузияда болып жатқан оқиғаларды қадағалап отырғанын жеткізді.

«Біз Грузияны Еуропалық Одақ пен НАТО-ға интеграция жолына қайта оралуға шақырамыз. Алайда, біз қатты алаңдаулымыз. Грузиядағы оқиғаларды мұқият қадағалап отырмыз», – деді ол.

Сонымен қатар, БҰҰ Бас хатшысы 3 желтоқсанда Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль елде әскери жағдай енгізгеннен кейінгі оқиғаларға қатысты пікір білдіруден бас тартты.

«Біз Оңтүстік Кореядағы оқиғаларды кезең-кезеңімен бақылап отырмыз және олардың қалай өрбитіні бізге өте қызықты. Қазір ештеңе айтқым келмейді, себебі корейлер жағдайды тұрақтандыруға тырысуда», – деп атап өтті Рютте.

Асылбек Байжұмаұлы