Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Қытай билігі жүздеген ұйғыр ауылдарының атауын өзгертіп тастаған

15
Human Rights Watch ұйымы мен Uyghur Hjelp ұйымы жариялаған зерттеуде үкімет атаулары өзгертілген 630 қауымдастық туралы құжат көрсетілген. "2017-19 жылдар аралығында дінге немесе ұйғыр мәдениетіне қатысты кез келген сөздер, Қожа, сопылық діни ұстаз атауы бар 25 ауыл өзгертілді. Ханика – сопылық діни құрылым түрі атауы 10 ауылдан алынды, мазар сөзі кездесетін 41 ауыл атауы өзгерді. Билік ұйғыр патшалықтарына, республикаларына немесе басшыларына қатысты атауларды да өзгертті. Шыңжаңда бұдан былай "хелпе", "халифа" (әмірші) немесе "мешіт” деген сөздер бар бірде-бір ауыл жоқ", - делінген зерттеуде. 2018 жылы Ақто ауданындағы Ақ Мешіт ауылы Бірлік, 2022 жылы Қарақау ауданына қарасты Дутар ауылы Қызыл Ту ауылы болып өзгерді.