Биыл денсаулық сақтау саласында 94 нысан салынады
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2022 жылдан бері өңірде 40-тан астам нысан салынған. Осы орайда 2022 жылы – 12, 2023 жылы – 22 БМК медпункт салынған. Биыл денсаулық сақтау саласына бөлінген қаражат көлемі өткен жылмен салыстырғанда ұлғайып, 92,3 млрд теңгеге жетіп отыр. Соған сәйкес жаңа медициналық нысандар салынып, мекемелердің материалдық-техникалық базасы нығайтылуда.
«Медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін соңғы екі жылда жергілікті бюджеттен 5 млрд теңге бөлінді. Соның нәтижесінде медициналық ұйымдардың заманауи құралдармен жабдықталу деңгейі 93%-ға жетіп отыр. Мұның бәрі өз кезегінде жергілікті жерлерде дұрыс диагностикалау мен сапалы емдеуге, сырқаттың алдын алуға оң ықпалын тигізеді», – дейді басқарма мамандары.
Өткен жылы 3,1 млрд теңгеге 300 бірлік медициналық техника мен 29 бірлік санитарлық автокөлік сатып алынған, биыл да осы мақсатқа 4,7 млрд теңге қарастырылып отыр.