→ АҚШ пен Тайваньның мәліметінше, Қытай Халық-азаттық армиясы әскери белсенділікті айтарлықтай арттырған: жойғыш ұшақтар мен зымырандар кез келген сәтте ұрыс қимылдарын бастауға дайын, теңіз десанты жағалау маңында жаттығуда, ал жаңа зымыран жүйелері аралдағы кез келген нысананы жоюға қабілетті.
Соңғы 5 жылда қытай авиациясының Тайваньның әуе шабуылына қарсы қорғаныс (ӘШҚҚ) аймағына ену оқиғалары 25 есе артты. Қытайдың әскери кемелері мен арнайы жасақтары аралға жиі жақындап, басып алу сценарийлерін пысықтап жүр. Барлау деректері бойынша, Си Цзиньпин әскерге 2027 жылға дейін басып кіруге дайын болуды бұйырған.
❗️Жүргізілген реформалар армияны мобильді етіп, бірлескен операцияларға қабілетті қылған. Дегенмен, АҚШ сарапшылары Қытай армиясында басқару жүйесі мен заманауи соғысқа бейімделу мәселелері әлі де бар екенін атап өтуде.