Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Қытай электрокөліктерінің акциялар күрт құлдырады

34


→ Қытайлық электромобильдердің акциялары Гонконгта күрт арзандады, себебі BYD 22 моделіне бағаны 34%-ға дейін төмендетті. Бұл жаңа баға соғысы басталуы мүмкін деген алаңдаушылық туғызды. Нәтижесінде BYD акциялары 8,3%-ға, ал Li Auto, Geely және Great Wall Motor — 5%-дан астамға төмендеді.

Бағаның төмендетілуі — сатылым өсімі баяулаған және Қытайдағы экономикалық тоқырау аясында әлсіз сұранысты ынталандыру әрекеті. Дилерлердің қоймаларындағы қор рекордтық деңгейге — 3,5 миллион көлікке жеткен.

🚘 Seagull хэтчбэгі 55 800 юаньға (шамамен 7780 доллар) дейін арзандады, ал гибридті Seal седаны 34%-ға төмендеп, 102 800 юань болды. BYD сонымен қатар жүргізушіге көмек беретін жаңа функциялары жоқ ескі модельдерін де арзанға сатуда.

❗️Morgan Stanley мен Citi сарапшыларының болжамынша, басқа өндірушілер де бағаны төмендетуге мәжбүр болады. Кейбірі мұндай жеңілдіктерді қазірдің өзінде жариялап үлгерді — мысалы, Changan және Leapmotor. Ал BYD дилерлеріне келушілер саны 30–40%-ға артқан болуы мүмкін.

💸 Баға қысымына қарамастан, BYD мықты сатылым мен кірісті сақтап отыр: сәуір айында 2025 жылдың ең табысты айы тіркелді. Сонымен қатар, Еуропада BYD алғаш рет Tesla-дан көбірек көлік сатқан. BYD-нің жалпы табыс маржасы — 20%, ал Tesla-да — 16%. Таза тоқсандық табыс — 9,15 млрд юаньға жетті.