Қытайда адам өліміне әкелген төбелестен кейін қазақстандық ұсталды

55


08.06.2026. ASTANA. Munarmedia.kz – Қытайда адам өліміне әкелген төбелес оқиғасынан кейін Қазақстан азаматы Махмутхан Шерназаров ұсталды. Бұл ақпаратты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі растады.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, оқиға барысында Қытай азаматы көз жұмған. Осыған байланысты 30 жастағы қазақстандыққа қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Махмутхан Шерназаровтың туыстары оның әрекеті өзін-өзі қорғау мақсатында болғанын алға тартады. Олардың айтуынша, жанжалдың бейнежазбасында ер адамға бір топ адамның шабуыл жасағаны көрінеді және ол тек қорғануға мәжбүр болған.

Ал Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі ұсталған азаматтың Қытай тарапы тарапынан адам өліміне соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірді деген күдікпен тергеліп жатқанын хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, Қазақстан тарапы істің барлық мән-жайын анықтау үшін Қытайдың құзырлы органдарына ресми сауалдар жолдаған. Сонымен қатар қазақстандық дипломаттар азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын бақылауда ұстап отыр.

Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тергеу жалғасуда. Қытай құқық қорғау органдары істің нақты мән-жайын анықтап жатыр.

#Қазақстан #Қытай #МахмутханШерназаров #СІМ #Тергеу #Заң #ХалықаралықЖаңалықтар #Munarmedia #ASTANA