АҚШ-тағы фестиваль маңындағы атыстан 12 адам жарақат алды

51

08.06.2026. ASTANA. Munarmedia.kz – АҚШ-тың Толидо қаласында өткен Old West End фестиваліне жақын маңда болған атыс салдарынан 12 адам жарақат алды.

Оқиға Огайо штатындағы Толидо қаласында тіркелген. Жергілікті полицияның алдын ала мәліметінше, атысқа кемінде екі адам қатысқан. Қазіргі уақытта күдіктілерді іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, зардап шеккендердің екеуінің жағдайы ауыр. Жараланғандардың басым бөлігі – жасы 20-лар шамасындағы жастар.

Толидо полициясы күдіктілер бір-біріне оқ атқан болуы мүмкін деген болжам айтып отыр. Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы тергеу барысында анықталмақ.

Айта кетейік, Old West End Festival – Толидоның тарихи ауданында өтетін дәстүрлі екі күндік мәдени шара. Фестиваль викториандық сәулет үлгісіндегі көне үйлерімен танымал аудан тұрғындары мен қонақтарын жыл сайын жинайды.

Полиция тұрғындарды сабыр сақтауға шақырып, оқиғаға қатысты ақпарат білетін азаматтардан тергеуге көмектесуді сұрады.

#АҚШ #Огайо #Толидо #Атыс #OldWestEnd #Қауіпсіздік #Фестиваль #Munarmedia #ASTANA