Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Қытайлар ұйғырлардың мүлкін заңсыз иемденуде

53


Қытайдың әлеуметтік желілерінде танымал тұлғалардың Шығыс Түркістанға (Қытайда «Шыңжаң» деп аталатын аймаққа) көшіп жатқаны жайлы ақпарат таралуда. Бұл жерде үйлер мен бақшалар арзан бағада сатылып жатыр.

 Жергілікті ұйғыр фермерлерінің меншігіндегі 500 акр жер Шанхайдан келген бір компанияға тегін берілген.

 Аймақтағы тұрғындар көптеген ұйғыр отбасыларының қамауға алынып, лагерьлерге жіберілгенін айтады. Олардың бос қалған жерлері мен үйлерін билік сатылымға қойып, қытайлық компанияларға арзан бағада немесе жеңілдіктермен беруде.

 2017 жылғы жаппай ұстаулардан кейін лагерьге қамалған, қайтыс болған немесе ұзақ мерзімге сотталған адамдардың үйлері мен жерлері көшіп келгендерге төмен бағада сатылған.

 Жергілікті тұрғындар лагерьге жіберілу қаупінен қорқып, наразылық білдіруге батпайды. Шағымданғандардың аз бөлігі биліктің қысымына ұшыраған, ал олардың кез келген әрекеттері полиция тарапынан күшпен басылған.

Бұл жағдай Шығыс Түркістандағы ұйғыр халқының құқықтарының аяқасты етіліп, олардың жерлерінің жүйелі түрде тартып алынып жатқанын дәлелдейді.