Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Ресей Киевке соққы жасады: қаза тапқандар мен жараланғандар бар

52

Munarmedia.kz | 18.06.2025 / Астана-Сейсенбіге қараған түні Украина астанасы Киевке жасалған жаппай зымыран шабуылы салдарынан кемінде 15 адам қаза тауып, ондаған тұрғын түрлі жарақат алды. Бұл туралы жергілікті билік өкілдері хабарлады.

🔻 Киевтің Соломен ауданында көпқабатты тұрғын үйдің бір подъезі түгелімен құлап түсті. Қазір сол маңда құтқару және іздестіру жұмыстары жалғасуда. Биліктің мәліметінше, үйінді астында әлі де адамдар болуы мүмкін.

🔻Шабуылдан кейін Киевтің кемінде 12 ауданында түрлі деңгейдегі зақымдар тіркелді. Бірқатар жерде өрт шыққан, ең ірісі Дарница ауданында болған. Аталған өртті сөндіру жұмыстарына тікұшақ тартылған.

🔻 Украинаның Одесса қаласына дрондар арқылы шабуыл жасалып, қала орталығындағы үйлер де зақымданды. Екі адам қаза тапты, тағы бір тұрғын үйінді астында қалып, оны іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

🔻 Ресейдің шабуылдары Киевтен бөлек, Чернигов, Сум және Киев облыстарында да тіркелген.

Шабуылдарға қатысты Ресей қорғаныс министрлігі әзірге ешқандай ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

🔹Украина билігі бұл шабуылдарды соғыс қимылдарының жаңа әрі қауіпті кезеңі деп бағалап отыр. Қазіргі таңда Киев пен басқа да өңірлерде жағдай күрделене түсуде, бейбіт тұрғындар арасында қауіп жоғары деңгейде.