Бүгін Мәскеу мен Киев Стамбулда жасалған келісімдер аясында «1000-ға 1000» формуласы бойынша тұтқындар алмасуының соңғы кезеңін жүзеге асырды. Тараптар бір-біріне 303 әскери қызметкерден қайтарды.
«Бұл алмасудың сәтті өтуі үшін тәулік бойы еңбек еткен командаға алғыс айтамын. Біз міндетті түрде әрқайсысын қайтаруға тырысамыз», — деп жазды Украина президенті Владимир Зеленский өзінің Telegram-арнасында.
Тұтқын алмасудың алдыңғы екі кезеңі 23 және 24 мамыр күндері өткен болатын. Бірінші күні тараптар 270 әскери мен 120 азаматтық тұлғаны, ал екінші күні 307 адамнан алмастырды.
«Біз бұл алмасу бейбіт келісімге қол жеткізу жолындағы келіссөздер үшін қолайлы атмосфера қалыптастырады деп үміттенеміз», — деді Ресей қорғаныс министрінің орынбасары Александр Фомин.
Айта кетейік, 16 мамырда Түркияда Украина мен Ресей өкілдерінің кездесуі өтіп, тараптар ауқымды тұтқын алмасу туралы келісімге келген болатын.
• Фото/видео: әлеуметтік желілерден алынған.