Алматыда ұшатын жүргізушісіз такси іске қосылады деген Көлік министрлігінің жоспары қаншалықты шындыққа жанасады? Бұл жобаның жолында қандай кедергілер бар және Қазақстанда мұндай көлік түрінің болашағы қандай болмақ? Осы сұрақтарға сарапшылар «Орда» басылымына жауап берді.
Қазақстандықтар алғаш рет ұшатын такси туралы 4 ақпанда Көлік министрі Марат Қарабаевтың мәлімдемесі арқылы білді.
Министрліктің жоспарына сәйкес, 2026 жылы Алматы мен Алатау қаласы арасында сутегімен жұмыс істейтін, дыбыссыз, тікұшаққа ұқсайтын аэромобильдер қатынай бастайды.
Ғылыми фантастикадан алынғандай көрінетін бұл идеяның артында жай ғана қиял емес, нақты жүзеге асыру жоспары бар. Алатау қаласында сынақ орталығы белгіленіп, жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп жатыр.
Сонымен қатар, министрлік бұл бағытта арнайы жұмыс тобын құрған. Оның құрамына мемлекеттік мекемелер мен мүдделі ұйым өкілдері кірген.
Әуе кеңістігінде аэромобильдердің қозғалысын реттейтін дәліздер де авиация саласындағы органдармен бірлесіп пысықталуда.
Аэромобильдердің нақты қай елде өндірілетіні әзірге белгісіз. Жеткізуші тек техникалық-экономикалық негіздеме мақұлданғаннан кейін таңдалады.
Мақаланың толық нұсқасын Telegram-арнадан сайтқа өтпей-ақ оқи аласыз.
• Иллюстрация: DALL·E нейрожелісі.