Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Ресей Украинаға жаппай зымыран және дрон соққысын жасады: 12 адам қаза тапты, 50 адам жараланды

58


Украинаның Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметінің (ТЖМҚ) мәліметінше, Киев пен Киев облысында бірнеше тұрғын үй қирап, зақымданған. Төрт адам қаза тауып, 25 адам жарақат алды, олардың ішінде үш бала бар.

Николаев қаласында дрон соққысынан кейін бес қабатты тұрғын үйге зақым келіп, бір адам қаза тапты, бесеуі жараланған.

Житомир облысында бірнеше үй қираған. Апат салдарынан үш бала (8, 12 және 17 жаста) көз жұмып, 12 адам жараланды.

Хмельницкий облысында кемінде алты жеке үй толықтай қирап, төрт адам қаза тапты, бес адам жараланды. Тағы 20 үй ішінара зақымданған.

Бұған қоса, Ресей әскері:

  • Харьковқа соққы жасап, өрт шықты, үш адам зардап шекті;

  • Конотопта инфрақұрылым нысаны қиратылды;

  • Сумы мен Тернопольде өнеркәсіптік кәсіпорындарға шабуыл жасалды.

@BigWorldPolitics деректері бойынша.