Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Ресей жеңсе Еуропаның қожайынына айналады

142



"Форбс" журналының бас редакторы:
Егер Ресей жеңіске жетсе, Путин Еуропаның саяси қожайынына айналады.
Егер АҚШ президенті Трамп Украина мен Ресейге қатысты жаңа келіссөздер кезеңіне қатысудан бас тартса, бұл Украинаның капитуляциясы дегенді білдіреді.

АҚШ-тың саяси қайраткері, "Forbes" журналының бас редакторы Стив Форбс 24 мамырда "Forbes Breaking News" бағдарламасында өз пікірін білдірді.

Ол Ресей президенті Путинмен әңгімелескеннен кейін Трамп Ресей мен Украина келіссөздерді өздері жүргізуі тиіс екенін мәлімдегенін атап өтті. Осылайша, Трамп Ресей мен Украина өзара келісімге келмесе немесе бітімге қол жеткізбесе, Вашингтон бұл процестен шеттетілуі мүмкін екенін ишаралаған. «Бұл — алдын ала Украинаның тізе бүгуі деп айтуға болады», — деді Форбс.

Сондай-ақ ол, егер Путин Украинадағы қақтығыста жеңіске жетсе, онда ол «Еуропаның саяси әміршісіне» айналатынын айтты. Бұл жағдайда НАТО ауыр соққы алады, ал мемлекеттер АҚШ-тың қолдауына сенім арта алмайды. Бұл – «нағыз апат» болады деп түйіндеді ол.