Ресейде 2005 жылдан бері жиналған барлық сот статистикасы толық жабылды

5

АСТАНА.15.05.2026 Munarmedia.kz –  Бұл жағдай құқық қорғаушылар мен зерттеушілер арасында үлкен алаңдаушылық туғызды. Бұған дейін ашық жарияланып келген мәліметтер елдегі сот жүйесінің жұмысын, репрессиялық баптар бойынша шығарылған үкімдерді және соғысқа кеткен сотталғандар санын талдауға мүмкіндік беретін еді.

Ресей Жоғарғы соты жанындағы Сот департаменті әдеттегідей 2025 жылға арналған соттылық статистикасын 20 сәуірге дейін жариялауы тиіс болған. Алайда деректер уақытында шықпаған. Оның ертесіне ведомство сайтынан соңғы 20 жылдан астам уақыттағы барлық статистикалық мәліметтер толықтай жоғалып кеткен.

Сарапшылардың айтуынша, Ресейде сот деректеріне қатысты толық ақпарат тек мемлекеттік органдардың қолында. Ел аумағында екі мыңнан астам сот жұмыс істейді және олардың қызметіне қатысты барлық мәліметті жинауға тек ішкі жүйеге қолжетімді мемлекеттік құрылымдардың ғана мүмкіндігі бар.

Бұрын ашық болған статистика журналистер мен тәуелсіз зерттеушілер үшін маңызды дереккөз саналды. Оның көмегімен Ресейдегі саяси сипаттағы істердің саны, әскери қызметкерлерге қатысты сот процестері және Украинадағы соғысқа кеткен айыпталушылар мен сотталғандардың көлемі жөнінде талдау жасауға болатын еді.

«Важные истории» басылымының дата-бөлім редакторы, журналист Катя Бонч-Осмоловская бұл мәліметтердің не үшін маңызды екенін айтып, оларды балама деректермен алмастырудың өте қиын екенін атап өтті. Оның пікірінше, сот статистикасының жабылуы Ресейдегі құқықтық жүйенің ашықтығына қатысты сұрақтарды күшейте түсуі мүмкін.

#Ресей #Сот #Статистика #Құқық #Журналистика #Munarmedia #ӘлемЖаңалықтары