Munarmedia.kz 06.04.2026 /Astana/ –Ресейлік мамандар стратостаттар мен дирижабльдер негізінде байланыс жүйесінің жобасын әзірледі. Бұл жүйе Starlink қызметінің функционалдық баламасы ретінде қарастырылып отыр. Бұл туралы «НПЦ «Ушкуйник»» АНО басшысының кеңесшісі Евгений Мандельштам мәлімдеді.
Оның айтуынша, әуеде қалықтап тұратын платформалар – бұрыннан қолданылып келе жатқан, сыналған технологиялар.
«Байланыс жүйесін қамтамасыз ету үшін спутникті жүздеген шақырым биіктікке орбитаға шығарудың қажеті жоқ. Егер байланыс нүктесін бірнеше шақырым биіктікке көтерсе, ол айналасындағы кең аумақты қамти алады», – деді Евгений Мандельштам.