Еуразиялық сауданың құрылымы мен бағыттары

80

Munarmedia.kz 06.04.2026 /Astana/ – Munarmedia.kz 06.04.2026 /Astana/ – Қытайдан Еуропаға қатынайтын жүк пойыздары бір ғана бағытпен емес, үш негізгі маршрут арқылы жүзеге асады.

Батыс бағыты.
Ең қарқынды жүктелген бағыт саналады. Пойыздар Қытай мен Қазақстан шекарасындағы Алашанькоу секілді өткізу бекеттері арқылы өтіп, әрі қарай Қазақстан, Ресей аумағы арқылы Еуропаға бағыт алады. Негізгі логистикалық хабтар қатарында Германиядағы Дуйсбург және өзге де маңызды тораптар бар.

Орталық бағыт.
Бұл бағыт та ұқсас тораптар арқылы өтеді, алайда Орталық Азияға қарай тармақталады. Жолдың бір бөлігі Қазақстан мен Ресей аумағын қамтиды.

Шығыс бағыты.
Моңғолия арқылы өтеді. Нақтырақ айтқанда, Маньчжоули – Забайкальск және Эрэн-Хото – Улан-Батор секілді шекаралық өткелдер арқылы Ресейдің Транссібір теміржол магистраліне шығады.

Сызбада балама бағыттар үзік сызықтармен көрсетілген. Олар негізгі бағыттар шамадан тыс жүктелген жағдайда қолданылады.

Қытайдан шығатын негізгі тораптар:
– Алашанькоу (Қазақстан бағыты)
– Маньчжоули және Эрэн-Хото (Моңғолия/Ресей бағыты)

Сарапшылардың атап өтуінше, пойыздар Моңғолия (орталық бағыт) немесе Қазақстан (батыс бағыт) арқылы өткен күннің өзінде, жолдың елеулі бөлігінде Ресей аумағын пайдалануға мәжбүр.

Транссібір магистралі мен Ресей теміржол желісі Қытай Халық Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы құрлықтық тасымалдаудың ажырамас өзегі болып отыр. Ресейдің қатысуынсыз қазіргі форматтағы «Қытай – Еуропа» бағытындағы пойыздар қызметі мүмкін емес.

Бүгінде Ресей Қытай мен еуропалық тұтынушылар арасындағы басты логистикалық көпір рөлін атқарып, жүк жеткізудің жылдамдығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етіп отыр.