Munarmedia.kz 05.04.2026 /Astana/ Жаңа жыл қарсаңында Кран-Монтана курортында болған ірі өрттен кейін зардап шеккендер көпмиллиондық өтемақы талап ете бастады. Қайғылы оқиға салдарынан 41 адам қаза тауып, 100-ден астамы түрлі жарақат алған.
Алғашқы талап-арыздардың бірі бойынша бір отбасы шамамен 61 млн еуро көлемінде өтемақы талап еткен.
Тергеу деректеріне сәйкес, өрт Le Constellation барында жағылған бенгал оттарының салдарынан тұтанған. Іс бойынша жауапкер ретінде мекеме иелері мен жергілікті билік өкілдері қарастырылуы мүмкін.
Сарапшылардың бағалауынша, ықтимал талап-арыздардың жалпы көлемі 1 млрд швейцар франкінен асуы мүмкін. Бұл жағдай елдегі қауіпсіздік талаптары мен қоғамдық орындардағы бақылауды күшейту мәселесін қайта күн тәртібіне шығарды.
#Швейцария #өрт #қауіпсіздік #сот #өтемақы