Ресей Украинаға қарсы жүргізіп жатқан соғысына қатысқан шетелдіктер мен олардың үй ішіне паспорт беруге рұқсат берген Владимир Путиннің жарлығына сүйеніп, 2024 жылдың басынан бері 3344 шетелдік адамға Ресей азаматтығын берген
Бұл туралы Ресей ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Ирина Волк хабарлады. Статистикаға тек әскери қызметкерлер жата ма, әлде олардың жақындары да кіре ме, Волк оны нақты айтпаған.
Қыркүйекте BBC-дің Орыс қызметі мен "Медиазона" басылымы ашық дереккөздегі ақпараттарды талдай келе, Ресей Украинаға басып кіргелі майданда 68 мыңнан астам орыс сарбазы қаза тапқан, оның 13 мыңнан астамы – соғысқа өз еркімен аттанғандар деген қорытынды жасады.
Өз еркімен соғысқа кеткендер арасында Орталық Азия елдерінен шыққан 265 шетелдік: 51 тәжікстандық, 47 өзбекстандық және 26 қырғыз азаматы бары анықталған.