Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

АҚШ-та президент сайлауы өтіп жатыр

34



 
Республикалық партия өкілі, бұрынғы президент Дональд Трамп пен Демократиялық партия үміткері, қазіргі вице-президент Камала Харрис тең түсіп тұр. Кім жеңетінін тартысты науқан өтіп жатқан жеті құбылмалы штат шешіп кетуі мүмкін.
 

❗️

Шығыстағы кей штатта сайлау учаскелері 5 қараша күні таңғы 5:00-де (Астана уақытымен 15:00) ашылды. Дауыс беру елдің ең батысында орналасқан Аляска мен Гавай штаттарының учаскелері жабылғанша жалғасады.
 

❗️

Жеңімпаз болмашы ғана басымдықпен озады деп болжанып отыр және түпкі нәтиже шыққанша бірнеше күн өтуі мүмкін.

Өйткені Пенсильвания секілді кей штатта бюллетень санау баяу жүреді. Халық санағы бюросы дауыс берушілердің сайлауға қатысуы жоғары болады деп болжаған. Бұл көрсеткіш 2016 және 2020 жылдары рекорд жаңартқан.