Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Декларация тапсырмаған қазақстандықтардың шоттары бұғатталады

79



16 қыркүйекте Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі аясында декларацияларды қабылдау аяқталды.

Оған жеке кәсіпкерлер, басшылар, заңды тұлғалардың құрылтайшылары және олардың жұбайлары қатысты.

"Декларация ұсынбаған салық төлеушілерге салық заңнамасында белгіленген мерзімде салық есептілігін ұсынбағаны туралы хабарлама жіберілді", - делінген Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарламасында.

Хабарламаны алғаннан кейін азаматтарға декларация немесе түсініктеме беруге небәрі 30 күн мерзімі бар. Тәртіп бұзушылардың банктік шоттары бұғатталады.