Munarmedia.kz.01.11.2026.ASTANA -Ресейдің «Новая газета» басылымы 30 жылдан астам уақытқа созылған қызметін тоқтататынын мәлімдеді. Редакцияның хабарлауынша, 9 қарашада газет жұмысы толық тоқтап, серверлері өшіріледі.
Редакция жабылуға билік пен арнайы қызметтердің қысымы себеп болғанын айтады. Басылым бұған дейін БАҚ ретінде тіркеуден айырылып, интернет-ресурстары бұғатталған. Сондай-ақ оқырмандардың қайырымдылық жарналары жүйесі өшіріліп, журналистердің бір бөлігі Ресейден кетуге мәжбүр болған.
Редакция мәлімдемесінде бас редактор Дмитрий Муратовқа жасалған шабуыл, басшылыққа қатысты әкімшілік істер, Шешенстанда шолушы Елена Милашинаның ұрланып, соққыға жығылуы және бас редактор Олег Ролдугиннің кепілге алынуы да еске салынған.
«Әскери іс-қимылдар басталғаннан кейін бізді де басқа журналистер сияқты қазіргі заманның ең маңызды әрі қайғылы оқиғалары туралы айту мүмкіндігінен айырды», – делінген редакция мәлімдемесінде.
#Ресей #НоваяГазета #Журналистика #БаспасөзБостандығы #БАҚ #ӘлемЖаңалықтары