Munarmedia.kz.01.11.2026.ASTANA- Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) жаңа бас хатшысы қызметіне Өзбекстанның бұрынғы сыртқы істер министрінің орынбасары Мирвохид Азимов тағайындалады.
Ол бұл қызметте соңғы төрт жыл бойы ұйымды басқарған Қырғызстан дипломаты Қубанычбек Өмүралиевтің орнын басады.
Айта кетейік, 2027 жылы Түркі мемлекеттері ұйымының кезекті саммиті Өзбекстанда өтеді.
#ТүркіМемлекеттеріҰйымы #Өзбекстан #Қазақстан #Қырғызстан #ТМҰ #ТүркіӘлемі