Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Ресейдің екі өңірінде Telegram бұғатталды

58



Ресей Федерациясының екі өңірі – Дағыстан мен Шешенстанда Telegram мессенджері бұғатталды, мүлдем жұмыс істемейді.

Дағыстан Республикасының цифрлық даму министрі Юрий Гамзатовтың айтуынша, мұндай шара құқық қорғау органдарының ұсынысы бойынша енгізілген.

- Солтүстік Кавказ федералды округінің екі аймағы – Шешенстан мен Дағыстанда Telegram желісін бұғаттау туралы шешім қабылданды. Шешім құқық қорғау органдарының ұсынысымен федералды деңгейде қабылданды. Оны арам пиғылды адамдар жиі пайдаланып кетеді. Бұған Махачкала әуежайында болған тәртіпсіздіктер мысал. Алдағы уақытта Telegram-ға салынған бұғаттау алынуы мүмкін, - деді ол.