Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Ресейге барған қазақстандықтарға жаңа талап қойылмақ

66



Ресейде елге кіру және шығу кезінде шетел азаматтарынан және азаматтығы жоқ адамдардан биометриялық дерегін жинау бойынша эксперименттік жоба басталды. Осыған байланысты Қазақстанның Ресейдегі елшілігі азаматтарға үндеу жасады, деп хабарлайды
Skifnews.kz ақпарат порталы.

Елшіліктің мәліметіне сүйенсек, эксперименттің бірінші кезеңінде, 2024 жылғы 1 желтоқсаннан 2025 жылғы 30 маусымға дейін Мәскеу қаласының халықаралық әуежайларына (Домодедово, Шереметьево, Внуково және Жуковский), сондай-ақ Орынбор облысындағы «Маштаково» автомобиль өткізу пункті арқылы елге кіретін Қазақстан азаматтары биометриялық деректерін – бет бейнесі мен саусақ іздерін тапсыруға міндетті.

Екінші кезеңде, 2025 жылдың 30 маусымынан 2026 жылдың 30 маусымына дейін жоба Ресейдің мемлекеттік шекарасындағы барлық өткізу пункттерін қамтиды. Бұл кезеңде елге кіруші әрбір шетелдіктің цифрлық бейіні қалыптастырылатын болады.