Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Ресейлік дипломаттар Молдовадан қуылуда

33




📍 МОСКВА, 2025 жылғы 4 сәуір. 31 наурызда Молдова Сыртқы істер министрлігі Ресейдің Кишиневтегі елшілігінің үш қызметкерін персона нон грата деп жариялап, елден кетуді сұрады.

🗣️ «Молдаван билігінің бұл шешімі дипломатиялық мәртебеге қайшы келетін әрекеттерге қатысты нақты дәлелдерге негізделген»,
– деп хабарлады Молдова СІМ.

Ал Ресей Сыртқы істер министрлігі бұл жағдайға байланысты былай деді:
🗣️ «Молдова елдер арасындағы терең тарихи байланысы бар қатынастарды толықтай жойғысы келеді, бұл Республика азаматтарының басым көпшілігінің пікіріне қайшы келеді. Бұл шешім – Кишиневтің жүргізіп отырған антиорыс бағытының бір бөлігі»,
– делінген РФ СІМ мәлімдемесінде.

Бұған дейін Молдовада Гагаузия автономиялық өңірінің басшысы Евгения Гуцул тұтқындалған болатын. Адвокатының айтуынша, оған айып тағылғанымен, өзін қорғауға бір ауыз сөз айтуға мүмкіндік берілмеген. Гуцул Ресей президенті Владимир Путинге көмек сұрап жүгінді. Ресей ЕҚЫҰ-дан (ОБСЕ) Молдоваға қысым жасап, Гуцулды босатуды талап етті.

📸 Фото: Ашық дереккөздерден