Сауд Арабиясы билігі «Хадж-2026» қарсаңында Меккеге кіру ережелерін күшейтті.

77

Munarmedia.kz 23.04.2026 /Astana/ – Жаңа талаптарға сәйкес, 13 сәуірден бастап Мекке қаласына тек резиденттерге, арнайы рұқсаты бар қажыларға және Tasrih, Absher Afrad, Bawaba Muqim жүйелері арқылы электронды рұқсат алған қызметкерлерге ғана кіруге рұқсат етіледі.

Ал 18 сәуірден бастап қажылық визасынан басқа кез келген визамен Меккеге кіруге толық тыйым салынды. Сонымен қатар 18 сәуір мен 31 мамыр аралығында умра жасауға рұқсат беру уақытша тоқтатылды. Умра визасымен келген азаматтар осы мерзімге дейін қаладан шығуы тиіс болған.

Ережелерді бұзғандарға 20 мың сауд риалына дейін (шамамен 5,5 мың АҚШ доллары) айыппұл қарастырылған. Ал қажыларды заңсыз тасымалдау немесе жасыру фактілері үшін 100 мың риалға дейін (шамамен 26,5 мың доллар) айыппұл салынып, депортация, 10 жылға дейін елге кіруге тыйым салу және көлікті тәркілеу жазалары қолданылады.

#СаудАрабиясы #Мекке #Хадж2026 #умра #қауіпсіздік #заң #жаңалықтар