Munarmedia.kz 23.04.2026 /Astana/ – Ұлыбритания Корольдік әскери-теңіз флотының сүңгуірлері Ормуз бұғазы ауданында минасыздандыру операцияларына дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Politico басылымы.
Ақпарат көздерінің мәліметінше, мамандар толық дайындықта тұр, ал Лондон көпұлтты кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету миссиясы үшін автономды миналарды іздеу жүйелерін ұсынуды жоспарлап отыр.
Politico басылымының жазуынша, бұл қадам Ұлыбританияның АҚШ Президенті Дональд Трамптың Персид шығанағындағы стратегиялық маңызды жолды қорғау бастамаларын қолдауға дайын екенін көрсетеді.
Бұған дейін аймаққа әскери немесе азаматтық кеме жіберу қарастырылған болатын, бұл кемелерде минаны іздеу жүйелері орналастырылуы мүмкін.
#Ұлыбритания #ОрмузПроливі #миналар #әскериоперация #қорғау #жаңалықтар