Сауд Арабиясында нөсер жаңбырдың салдарынан Мекке мен Мәдина сияқты қасиетті қалалар және портты қала Жидда су тасқынына ұшырады.
❗ Сауд Арабиясының метеорология басқармасы бұл өңірлерде қауіптің қызыл деңгейін жариялады. Табиғи апат салдарымен күресу үшін Жиддаға 4 мыңнан астам маман мен 1811 техника мен құрал-жабдық тартылды.
🔴 Жиддада екпінді жел ірі құрылыстар мен контейнерлерді ұшырып әкетуде. Кей жерлерде судың тереңдігі екі метрге жетіп, су астында қалған көліктердің тек төбелері ғана көрініп тұр.