«Ньюлайнс» зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері Каролин Роуздың айтуынша, Америка Құрама Штаттары Сирия мен Ирактан әскерлерін «толық әрі жедел» түрде шығаруға бет алған.
🔸 Бұл процесс Дональд Трамптың президенттік мерзімі кезінде жүзеге асуы мүмкін.
🔵 Сонымен қатар, АҚШ-тың Сирия ғана емес, бүкіл Таяу Шығыс аймағындағы қатысуын азайтуды қолдайтын америкалық кеңесшілердің саны артуда. Олар АҚШ саясатын қайта қарауды және өңірде әрі қарай әскери араласудан бас тартуды ұсынады.