Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Сирияда бейбіт тұрғындарды бомбалаудан бас тартқан ұшқыш марапатталды

84


Сирияда 1982 жылы Хама қаласының бейбіт тұрғындарын бомбалау туралы сириялық режимнің бұйрығын орындаудан бас тартқан ұшқыш Рагид Татари құрметті марапатқа ие болды.

Осы әрекеті үшін 27 жасында Рагид Татари 43 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ол тек «Баас» партиясы режимінің құлатылуынан кейін ғана бостандыққа шықты.

Сириялық белсенділер жариялаған бейнежазбаларда Хама қаласының мешіт имамы шейх Муаз Рейдана жұма намазынан кейін тұрғындар атынан Татариге алтын жіппен көмкерілген қылыш табыстағаны көрсетілген.

Имам бұл сыйлықты «режимнің түрмелерінде өмірінің жартысынан көбін өткізгені үшін символдық марапат» деп атады.