Байден Украина энергетикасына жасалған шабуылды қатаң айыптады

134


АҚШ президенті Джо Байден Ресейдің Украинаға қарсы зымырандар мен дрондар қолданған соңғы шабуылын «қатыгездік» деп атады.

«Бұл қатыгез шабуылдың мақсаты – қысқы айларда украин халқын жылу мен электр қуатынан айыру және елдің энергетикалық жүйесінің қауіпсіздігін қатерге тігу», – деп мәлімдеді Байден.

Бұған дейін Украина энергетика министрі Герман Галущенко Ресей армиясының елдің энергетикалық инфрақұрылымына жаппай шабуыл жасап жатқанын хабарлаған болатын.

«Қарсылас тағы да энергетика секторына жаппай шабуыл жасай бастады», – деп жазды Галущенко өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.