Солтүстік Сирияда үкіметке қарсы көтерілісшілер Иранның аймақтық делдалдарын әлсіретуге бағытталған Израиль әрекеттерін пайдаланып, күтпеген шабуыл ұйымдастырды.
Соңғы жылдары шектеулі жетістіктерге қол жеткізген олар үкімет әскерлері бақылауындағы шамамен 40 қала мен ауылды, сондай-ақ сириялық әскери базаны басып алды. Қазіргі уақытта көтерілісшілер Сирияның екінші ірі қаласы Алеппоға жақындап келеді.
Сәрсенбі күні басталған бұл күтпеген операция 2020 жылдың наурызында Ресей мен Түркияның арағайындығымен солтүстікте атысты тоқтату туралы келісімнен кейін көтерілісшілер мен режим арасындағы алғашқы ірі қақтығыс болды.