Сириядағы саяси күштердің арасындағы таққа таласудың соңы ақыры Башар Асадтың елден президенттік билікті тастай қашуымен аяқталды. Әзірге оның қайда екені белгісіз.
Осылайша, Сириядағы Башар Асад режимі құлады. Ал саясаттанушылар елдің ендігі тағдыры одан әрі ауыр болмас па екен деген нұсқаны айтып, алаңдай бастады. Себебі онда билікке ұмтылған саяси күштер аз болмай тұр.
“Әкелі-балалы Асад әулеті елді 1970 жылдан бері билепті. Ал Сирияда БААС партиясы 61 жыл дәурен сүріпті. Панарабизмнің, араб социализмінің қайнары саналған саяси күштер еді. Баасистік партияларды айтам. Ендігі мәселе Сириядағы күштер ымыраласа ала ма дегенге тірелетін сияқты. Радикалдар мен күрдтер, түрік прокислері тіл табыса қоярына сенім аз. Аймақтан Ресей толық ығыстырылды деуге болар”, дейді белгілі журналист, әскери сарапшы Амангелді Құрметұлы.