Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Солтүстік Корея Ресейге қосымша әскер мен техника жіберуге дайындалып жатыр

80


Солтүстік Корея Украинадағы соғысқа қатысуын күшейту үшін Ресейге қосымша әскер мен әскери техника, соның ішінде камикадзе-дрондарын жіберуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Оңтүстік Кореяның Біріккен штаб бастықтары комитетінің мәлімдемесіне сілтеме жасаған Yonhap агенттігі хабарлады.

«Көптеген барлау деректерін кешенді талдау Солтүстік Кореяның әскерлерді ротациялауға немесе олардың санын арттыруға дайындалып жатқанын көрсетеді», – делінген мәлімдемеде.

Бұған дейін оңтүстіккореялық барлау қызметі Солтүстік Кореяның әскери шығындарын шамамен 1100 адам деп бағалаған болатын. Бұл санға қаза тапқандар мен жараланғандар да кіреді.

Сонымен қатар, Солтүстік Кореяның камикадзе-дрондарын жаппай өндіру және жеткізуге көшу белгілері байқалып жатыр. Мұндай дрондар қараша айында ел басшысы Ким Чен Ынның тексерісі кезінде алғаш рет көрсетілген болатын.

Бұл жағдай халықаралық аренада алаңдаушылық тудырып, КХДР мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың күшеюін білдіреді.