Солтүстік Қазақстандағы ауылда ескі мешіт өртеніп кетті

40

Munarmedia.kz 10.02.2026 /Астана/-10 ақпанға қараған түні Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданына қарасты Қазанка ауылында төтенше жағдай болды. Өрт салдарынан жергілікті мешіт ғимараты толықтай жанып кеткен. Өрттің шығу себептері әзірге белгісіз.

Ауылдың көнекөз тұрғындарының айтуынша, ғимарат өте ескі болған. Бұрын бұл жерде дәріхана мен наубайхана орналасқан. Көпшілік бала кезінде мектеп оқушылары осы жерге аскорбин алуға келетінін еске алады. Кейінірек ғимарат мешіт ретінде пайдаланылған.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт кезінде зардап шеккендер жоқ. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті оқиғаға қатысты әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.

Әлеуметтік желілерде көптеген азаматтар бұл жағдайға бейжай қарамай, мешітті қалпына келтіруге қаржылай көмек көрсетуге дайын екендерін білдіруде.

Айта кетейік, тоғыз күннен кейін мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айы басталады.