Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Сөзі басқа, ісі басқа Сыздықбеков

33


Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков өткенде брифинг берген кезде дүйім жұрттың алдында "Ордабасы" футбол клубының қаржысын қысқартамыз деген секілді әңгіме айтып еді. Сол әңгімесі "ұпай" жинау үшін айтылған ба деп қалдық. Бүгін әлеуметтік желіде қала әкімдігінің "Ордабасы" клубының алдағы жарыстарына 900 млн. теңгеге жуық қаржы бөлгені туралы ақпарат тарап жатыр. Футбол клубы ол қаржыны осы жылдың соңына дейін игеруі тиіс.

Біріншіден, Қазақстанда футбол маусымы аяқталған. Еурокубоктың топтық турнирінде ойнайтын "Астана" клубынан өзге командалардың ойыншылары демалысқа шығып кетті.

Екіншіден, бұл қаржы алдағы жарыстарға дайындық жүргізуге депті. Қазақстанда футбол маусымы келер жылдың наурыз айында басталады. Ал клубтар оқу-жаттығу жиындарына кем дегенде қаңтардың ортасында кіріседі.

Енді "Ордабасы" клубының президенті бұл қаржыны қалай игермек? Шымкенттегі "Биік" футбол базасы үшін бұл өте көп қаражат. Ол жерде алдағы 26 күнге жаттығу өткізу ондай ақша тұрмайды. Түркиядағы жаттығу базалары клубтарды қаңтарда қабылдай бастайды. Жуық арада "Ордабасы" қатысатын жарыс жоқ. Келер маусымға жоғары деңгейлі футболшылар аламыз десе, қас қылғанда трансфер терезесі де жабық тұр. Ол да қаңтар айында ашылады. Соны біле тұра, әкімдіктің клубқа 1 млрд. теңгеге жуық қаржыны салп еткізіп бере салғаны қалай?

Ерболат Айнабеков