АҚШ-тағы федералды судья Трамп әкімшілігінің шетелдік студенттерді қабылдауға тыйым салу туралы шешімін уақытша тоқтатты. Қазіргі уақытта Гарвард университетінде шамамен жеті мың шетелдік студент білім алуда — бұл университеттің жалпы контингентінің шамамен 27 пайызын құрайды.
Еске сала кетейік, АҚШ билігі Гарвард университетіне шетел азаматтарын оқуға қабылдауға тыйым салған болатын. Бұл шешім терроризм мен радикалды көзқарастардың үгіт-насихатына қарсы күреспен түсіндірілді. Ал университет бұл шектеуді заңсыз деп бағалады.
Гарвард университетінің ресми мәлімдемесіне сәйкес, оқу орны АҚШ үкіметінің студенттер мен алмасу бағдарламасы (SEVP) аясындағы сертификатын қайтарып алуына және шетелдік студенттер мен ғалымдарға арналған F және J санатындағы визаларды демеуге тыйым салу үшін уақытша сот шешімін шығаруды сұраған.
«Сот Гарвардтың өтінішін қанағаттандырды. Осылайша, университетке іс қаралып жатқан кезеңде шетелдік студенттер мен ғалымдарды қабылдауды жалғастыруға рұқсат берілді. Уақытша тыйымды ұзарту мәселесі 29 мамыр, бейсенбі күні өтетін сот отырысында қаралады», — делінген университеттің ресми хабарламасында.
Айта кетейік, президент Дональд Трамп қаңтарда қызметке кіріскеннен кейін Лига Плющаға кіретін университеттерді сынға алып, оларды антиамерикалық, маркстік және «радикалды солшыл» идеологияларды насихаттап отыр деп айыптаған болатын.
Фотосурет: Freepik