Судан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Кеселе және
Гедареф провинцияларында тырысқақ инфекциясының тағы 128 жағдайы анықталған.
Шығыс Африка елінде анықталған қауіпті инфекция жұқтырғандардың жалпы
саны 1351-ге жетті, деп хабарлайды ведомство.
Сонымен бірге елдің 18 провинциясының 10-ында болған
нөсер жаңбыр мен су тасқынынан 156 995 судандық зардап шекті. Су тасқыны
салдарынан 16 188 үй толықтай, 14 099 үй жартылай қираған.